Мәжілістің Бюро отырысы өтті

Oinet.kz 14-02-2020 937

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Депутаттар қарауына туристік қызмет мәселелеріне түзету енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасының алдағы уақытта жалпы отырыста қаралатынын, заңнамалық базаны жетілдіру елдегі туризмнің дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Заң жобасы реттеу құралдарын оңтайландыру, туристік саланы мемлекеттік қолдау шараларын анықтау, сондай-ақ, оңтайлы талаптар есебінен шығу туризмінің қызметін реттеу жолымен ішкі және кіру туризмін дамытуды ынтыландыру бойынша құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары ратификациялық заң жобаларын қарастырады. Олар: көлік құралы және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспорттарының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Арменияның қосылуы, сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау туралы.

Бюро отырысында Палатаның салалық комитеттері ана мен баланы қорғау және аудиторлық қызмет мәселелері туралы заң жобаларын жұмысқа алуды қарастырды.

Нұр-Сұлтан әуежайында 66 жастағы кісінің бір сөмке ақшасы ұрланды
Көлгінов елордалықтарды қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу