Көлгінов елордалықтарды қабылдады

Oinet.kz 14-02-2020 944

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады. Қала тұрғындары медициналық көмек, атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т.б. мәселелерді көтерді. Белсенді қала тұрғындары балаларға арналған әртүрлі үйірмелер мен секциялар, шет тілдерін үйрететін аула клубтарын ашуды ұсынды. Ұсыныстар қала әкімінің бақылауына алынды. 

image.png

Қабылдау барысында қала тұрғындары Пригородный елді-мекенінде 800 орындық мектеп пен "Аспан" спорт кешенін ашқаны үшін мемлекетке алғысын білдірді. Кеше қала әкімі Алтай Көлгінов есеп беру кездесуіне келген қала тұрғындарын жеке қабылдады. Концерт залының холлында сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары, әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері азаматтарды қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды.

Мәжілістің Бюро отырысы өтті
Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу