Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Құмар Ақсақалов Айыртау ауданының әкімі Бейбіт Исмановқа құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Мұхамедиевке, Жамбыл ауданының әкімі Мұратбек Әбішевке қызметтік міндеттерін жөнді атқармағаны үшін қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
9 айдың қорытындысы бойынша шенеуніктер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізбеген.
«Алғашқы жарты жылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Жамбыл, Мамлүт және Шал ақын аудандарының әкімдері тәртіптік жауапқа тартылды. Жылдың аяғына қарай не боларын көреміз», - деді Құмар Ақсақалов