Биыл Жамбылда бидай мен арпа өнімі 1 центнерге артқан

Oinet.kz 23-10-2019 986

Картинки по запросу күзгі жиын терім

Жамбыл облысында күзгі жиын-терін жұмыстары 90 процентке аяқталды. Жергілікті шаруалар қалған өнімдерді жинап алып жатыр, деп хабарлады Хабар24 сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Аймақта 687 мың гектардан астам алқапқа ауылшаруашылық дақылдары егілген. Оның 200 мыңдайы мал азығы саналатын көпжылдық шөптер. Сала мамандарының айтуынша,  биыл бидай мен арпа орта есеппен гектарынан 23 центнерден жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 центнерге жоғарырақ. Нәтижесінде қамбаға 331 мың тонна бидай, 430 мың тоннадан астам арпа түсіп отыр. Жалпы өңірде қазір дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 97, көкөністер 96, майлы дақылдар 98, қант қызылшасы 10 процентке, ал бақша дақылдары 100 процент жинап алынды.  

"Жүгері жинау жұмыстары жүріп жатыр. 45 проценті аяқталды. Әлі 55 проценті жиналу керек. Мына сәл ауа райы қолға байлау болып жатыр бүгінгі күні. Негізгі дақылдардың барлығы 1 қарашаға дейін бітіреміз деп отырмыз. Бірақ қант қызылшасы дақылын сол 1 желтоқсанға дейін барады деп жоспарлап отырмыз", - деді  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Шәкір Момынқұлов.

Аудан әкімдері жазаға тартылды
Жеке куәлікке ұқсас жаңа көлік құжаты жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу