Жеке куәлікке ұқсас жаңа көлік құжаты жасалады
Елімізде жүргізуші куәліктеріне саусақ іздері тіркеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
«Біз жүргізуші куәліктерін тіркеу қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Жады көп жаңа үлгідегі чиптерді енгізіп жатырмыз. Ол көп ақпарат сақтау үшін қажет, себебі құжат иесінің биометрикалық деректерін, оның ішінде саусақ іздерін де енгізбекшіміз. Чип құжаттың артқы бөлігінде орналастырылады. Жаңа көлік құжаты жеке құжатқа ұқсас. Тіркеу туралы куәлікке сәйкес құжаттың түсін өзгертуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев.
2021 жылдан бастап көлік құжатына саусақ іздерін енгізе бастайды. Бұған дейін жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісінің эскизі пайда болған. Жүргізуші куәлігінің түсі өзгереді.