Шымкентте көлік жүргізушісі анасы мен баласын қағып кетті
Шымкентте Рысқұлов - Ерімбетов көшелерінің қиылысында Lada Priora көлігінің жүргізушісі анасы мен баласын қағып кетті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar арнасына сілтеме жасап.
Соққының салдарынан әйел тізе буыны мен санынан жарақат алған. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Ал әйелдің 6 жасар ұлы табан буынынан жарақат алған, жағдайы орташа ауыр.
Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, автокөлік жүргізушісі сау болған, алайда басқа көлікке алаңдаған.