Назарбаевтың ескерткішін құлатқан Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты
Жетісу облысында Назарбаевтың мүсінін құлатты деп айыпталған 38 жастағы Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Азамат Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды.
"Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады", – деді қалалық сот өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін қаңтардағы оқиғалар кезінде ұсталып, азапталған Азамат Батырбаев өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге қол қойғаны туралы хабарлаған едік.