«Ордабасының» бас жаттықтырушы кімге былапыт сөздер айтты?

Oinet.kz 12-09-2020 1066

Цхададзеге айыппұл салынды Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.

image.png

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының VII турындағы «Ордабасы» мен «Қайрат» матчы, сондай-ақ медициналық хаттаманы бұзған қызылордалық «Қайсар» футбол клубының ойыншысына қатысты шешімдер қабыланды. Қарсылас команданың бас жаттықтырушысына былапыт сөздер айтқаны үшін: - «Ордабасы» ФК бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе бір матчқа шеттетіліп, 100 АЕК, яғни  277 800 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Сондай-ақ бас бапкердің көмекшісі Георгий Чихрадзе бір матчқа шеттетіліп,  100 АЕК көлемінде айыппұл салынса, «Ордабасы» ФК президенті Бақтияр Байсейітов бір матчқа шеттетіліп, оған да 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Шешім 2020 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енген. Айыппұлдарды төлеу мерзімі 2 қазанға дейін.

Бір матчта бес ойыншысы ескерту алуына байланысты «Қайрат» ФК-на 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал мединциналық хаттаманы бұзып, бетперде және қолғапсыз бейтаныс адамдармен суретке түскен «Қайсар» футбол клубының ойыншысы Думан Нәрзілдаевқа 40 АЕК айыппұл салынған. 


Ұлттық құраманың деңгейі өспей тұр
Майк Тайсон – Рой Джонс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу