Роза Рымбаева Баян Мақсатқызымен не үшін араласпайтынын айтты

Oinet.kz 24-01-2019 30063

Халық әртісі Роза Рымбаева "Шыны керек" бағдарламасында атақты продюсер Баян Алагөзовамен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Oinet.kz тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі ел арасында Роза Рымбаева мен Баян Алагөзованың қарым-қатынасы жаман деген қауесеттер айтылып жүргенін айтып, мән-жайды сұрады. 

"Мұндай әңгіменің қайдан шыққанын білмеймін. Баян екеуіміз ешқашан араздасқан емеспіз. Шындығында екеуміз ешқашан жақын араласқан жоқпыз. Мүмкін екеуіміздің арамыздағы суық қарым-қатынасымыз сондай әсер туғызған шығар. Баян менімен өзін тым менмен ұстады. Ол өзін тым жоғары бағалайды", - деді Роза Рымбаева.

Әншінің айтуынша, Баян Алагөзова онымен үнемі амандаса бермейді екен.

"Оның анасындай жаста болсам да, ол көңілі түскенде ғана амандасады. Жастардың көбінде осы бір әдепсіздік бар. Бұл мәдениеттің жоқтығы. Біз аға буынбыз, қазақ эстрадасының атасы мен анасымыз", - дейді Роза Рымбаева.

Роза Қуанышқызы кей түсірілімге барғанда Баян Алагөзованы бірнеше сағат күткенін айтып, ренжіді.

"Оны түсірілім үшін күткен кезім болды. Содан менде жағымсыз сезім қалып қойды. Бірақ екеуміз мүлде араласпаймыз. Ол менің ортам емес, мен оның ортасы емеспін", - деді халық әншісі.

Айдарға кіру
Белгілі визажист енді ешқашан Еркемен бірге жұмыс істегісі келмейтінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу