Әзілхан Нұршайықовтың өшпес махаббаты
Махаббат адамды шексіз қиялға жетелейтін құдыретке ие алапат сезім. Жүрегін махаббат мекендеген жанның жүзі нұрланып, келер күнге сеніммен, шексіз бақытпен көз салады. Махаббат адамға қанат бітіреді. Оны шексіз қиял мен риясыз бақытқа қарай жетелейді. Жүрегің махаббат мекендеген жан ғана өмір сүріп жатқанын сезінеді. Мүмкін тым әсірелеу, бірақ бұл шындық. Адалдық ұғымы махаббат сезімімен қатар жүреді. Өмірдегі кез келген жағдайда таңдаған жарынның қасынан табылу – бұл махаббатқа адалдықтың риясыз белгісі. Осы тұста есімізге махаббат жаршылары жазушы Әзілхан Нұршайықов пен оның адал жары Халима Өзбақанова оралары сөзсіз.
Бұл кісілер адалдықтың ақ туын желбіретіп өткен ғашық жандар. Бір-біріне деген риясыз сезімі мен сенімі махаббаттың әсем көрінісін бейнелеп тұрғандай. Бұл кісілердің махаббат хикаясы ерекше. Әзілхан есімді жас жігіт әуелгіде Халима есімді бүлдіршін қыздың құрбысын жақсы көріп, махаббатқа толы өлеңдерін арнап, сезімін білдіріп жүреді. Бірде ол қыз тарапынан келетін хаттар саябырсый бастайды. Әзілхан ата қыздар жатқан жетімхана үйіне келіп, хатты Халима апа арқылы беріп жіберіп «бұл жерге қайта келме» деген жауапты естиді. Осы сөздерді айтып жатып бейкүнә қыз егіле жылап жібереді. Қыздың жүрегінің тазалығы мен адамгершілігіне сол сәтте ғашық болып, аңызға айналған махаббат хиякасы басталады.
Қос ғашық өмірдің барлық қызығы мен қиыншылығында қолұстасып өмірлірін мәнді де мағыналы етіп өткізе білді. 9 жыл ғашық болып, хат алмасып жүріп отбасы құрған жастардың шаңырағы 54 жыл түтінін түзу түте білді. Екі ұл, екі қызды тәрбиелеп, арттарына өшпес мұра қалдыра білген қос ғашық.
Йя, бұл кісілер «қос ғашық» деген сөздің символы іспеттес. Қазіргі таңда қос ғашықтар өмірде кезігетін аздаған қиыншылықтарға шыдай алмай айырылысып жатады. Махаббат үшін күреспейді. Оларды қос ғашық деп айтуға болады ма? Махаббатың қадірін түсінбейтін бейбақтар.
Әзілхан атаның өзі айтып өткендей махаббат әр үйдің алтын діңгегі. Отбасының ұйытқысы. Шексіз бақыттың бастауы. Адалдықтың сенімді серігі. Халима апа жазушының қас-қабағына қарап, шығармашылық тоқырау сәтінде шабыт беріп, қолдап жанашырлық танытқан бірден бір жан. Жазушының асқақ шығармаларыны жарының қолдауымен халық арасында кеңінен танылып, халықтың есінде мәңгі қала білді. Адал жары өмірден ерте озған жазушы жарына деген сағынышын «Мәңгілік махаббат жары» деген атаумен жарыққа шығарды. Кітапта сағынышымен қоса жарының әйелге тән ізгі қасиеттерін бөлісіп, қыз баланың қалыптасуына да өз әсерін қалдыра білді.
«Айырылып қалдым өзіңнен, қу тақтайды құшақтап» деген сағынышқа толы Әзілхан атаның сөздерінен жарын риясыз сағынып өмір сүргенін жүрекпен сезінесің. Жүрекке жететін әсерлі сөздер.
Махаббатының белгісі ретінде Кеңсайда адал жары жерленген орынға «Ақ күмбез» орнатып, жанынан өзі қайтыс болғанда жатуға орын алып қояды. Кейіннен арадан 10 жыл өтіп жазушының өзі де бұл өмірмен қош айтысып, сағынған жарының қасына барып орналасады. 9 жыл ғашық болып, 54 жыл бірге тату өмір кешкен қос ғашық қайта табысады. Артына өшпес мұра қалдырып, махаббаттың символына айналып, халық жадында мәңгі қалады.