Әйелдің махаббаты

Oinet.kz 12-11-2019 948

әйел махаббаты.jpg

Еркектің мәртебесі тек әйелдің сүйіспеншілігімен өседі. Ер адамның өмірінде мәртебесін өсіре алатын екі әйел бар: анасы мен әйелі. Егер еркектің мәртебесі өспесе, махаббатсыз қалғаны.

Осы адамдардың бәріне не керек? Дұрыс: даму, жетілу, көкжиекті кеңейту. Күнделікті адам өмірінің дамуы бір мәртебеден екіншісіне өтуімен бағаланып жатады. Мысалы, оқушы студент болғысы келеді, студент – бай болғысы, бай – тарихта атын қалдырғысы келеді. Бойжеткен тұрмысқа шығуды армандайды, әйел – бала-шағасы мен ерін бақытты еткісі, өзінің бақытты екенін сезгісі келеді. Мәртебені өсіру үшін ресурс керек, қолдау қажет. Қолдауды кім береді? Сенетін адам, сүйетін адам. Егер бір жұп ұзақ уақыт бойы бір деңгейде өмір сүрсе, жоғары мәртебеге қол жеткізе алмаса, мәселен, үйін үлкейткісі келіп, ақша жинаймыз деп жоспарлап, сол жоспары іске аспай қалса, яғни, сол үйдің нан тапқыш, мал табар еріне – күш-қуат жетіспейді деген сөз. Мұндай еркек қолдауға мұқтаж. Қолдауды ол тек өзіне риясыз сенетін әйелден алады. Әйел ерін қандай мықтысың, сенің қолыңнан бәрі келеді дегенге сендіре білуі тиіс.

Жалпы өмірде еркектер әйелден мықты емес. Қасындағы әйелі оған мықты болуға мүмкіндік бергенде ғана еркек күшті бола бастайды.

Әйел еркектен әлсіз емес. Бірақ әйел еріне өз ғаламының шексіз, зерттелмеген кеңістігіне саяхаттауға мүмкіндік беру арқылы оның қаһарман болуына жол ашады.

Әйел ер адамды өзіне қызықсын, ынтықсын деп қуаттандырады. Әйел қуатын уақыт бөлумен, махаббатымен береді. Егер ер адам әйелдің махаббатын сезсе, өзін күштірек, қуатты сезінеді. Өз мәртебесін өсіре алады. Сол мәртебені әйеліне (немесе анасына) беру үшін. Әйелдің сүйіспеншілігі сарқылған кезде еркектің мәртебесі өспей қалады. Еркекке мал таппадың деп ұрыса беруге болар еді. Бірақ мәселенің бәрі еріне сүйіспеншілігін көрсете білмейтін әйелдің ниетінде екенін де ұмытпау керек.

Марк Ифраимов

Аударған Шынар Әбілдә

Кешіре білу – жан саулығы!
Зигмунд Фрэйд бойынша түйсіктегіні санамен өлшеу туралы 5 ереже
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу