Маймылды қалай аулайтынын білесіздер ме?

Oinet.kz 08-11-2019 1584

Маймыл.jpg

Иә, маймылды ұстаудың жолы оп-оңай екен.

Енді біз секілді саналы адам үшін бұл тіпті күлкілі де. Алдымен жер қазып оның ішіне аузы тар ыдысты орнатады екен де, ішіне жаңғақтарды толтырып қояды екен.

Алыстан маймыл келе жатады. Ал дындағы шұңқырды, оның ішіндегі жаңғақтарды көреді. Әрине қуанады. Сөйтеді де ештеңе ойламастан бірден жаңғақтарға қарай жүгіреді. Ыдысқа қолды сүңгітіп жіберіп, қолы толғанша алады. Екі қолын қатар тығып жіберетіндері де жоқ емес. Уысын толтырған ол қолдарын шығарғысы келеді, бірақ қайда?..

Аузы тар ыдыстан жаңғаққа толы жұдырығы шыға қоймайды. Осылайша біраз әуреге түседі.

Сонда деймін де, маймылдың ойына жаңғақты тастайын, тым болмағанда қолымды аман-есен шығарып алайын деген ой келмейді екен. Әйтпесе, жаңғақты тастаса қолы шығар еді ғой! Бірақ маймыл тастамайды екен. Уысындағының біреуін де түсірмей 2-3 сағат әуреге түседі. Секіреді, отырады, жатады, аяқтарын көтереді, - болмайды. Ақыры маймылды аулағысы келгендер келіп, оларды оп-оңай-ақ ұстап алады. Тіпті, өлтіріп жатса да, әлгі маймылдар уысын ашпай, сол жаңғақты ұстаған күйі өледі екен ғой.

Қызық!

Әлеуметтік желіден алынды

Еркекке бақ боп қонатын әйел
Өмір сүргеннен - төзгенің көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу