Еркекке бақ боп қонатын әйел

Oinet.kz 08-11-2019 2428

еркекке бақ.jpg

Еркек үшін өмірдегі ең бастысы — өзіне ғана лайық жан жарын табу мен бар ынтасымен сүйіп істейтін кәсібінен адаспау.

Кейде жарыңды табу бәрінен маңызды болады. Әйел арқылы еркектің болмысы ашылады. Басыңа бақ боп қонатын әйелді табу өте маңызды. Тапсаң - жасына, түріне, мінезіне қарамайсың. Бұл тек саған керек адам. Еркек мұндай әйелді жан-жүрегімен бірден таниды. Бір көргеннен сүйіп қалады.

Батып кеткен Титаниктегі Молли Браун жас күнінде бай адамға күйеуге шығуды армандайды. Себебі, өзі кедей еді. Алайда сосын ойынан айнып, өзі сүйген жарлы жігітке күйеуге шығады. Бірақ қалайда екеулеп байып кетуіміз керек деген ойын жүзеге асырады. Ол байлықты қатты қаласа керек, себебі күйеуі біраз уақыттан кейін алтын кен тауып, екеуі қатты байып кетеді. Агата Кристи екінші рет жас археологқа тұрмысқа шығады. Күйеуі өзінен 16 жас кіші. Ол заманда ел естімеген сұмдық оқиға болған еді. Агата жасамыс, түрі де келісті дейтіндей емес. Бірақ күйеуіне бақ боп қонды. Агата айтқан жерде қазба жұмыстарын жүргізіп, ежелгі патшалықтың орнын табады. Мол қазынаның үстінен түседі. Атағы жер жарып, дәулетті боп шыға келеді. Ел сыйлайтын ғалым боп кетті. Жозефина Наполеонның көзіне шөп салса да, оның тағдырына қатты әсер етті. Қарапайым сарбаздан император жасап шығарды. Екеуі айырылысқан күні Наполеонның басынан бағы тайды...

Өмірде бақ боп қонатын әйелдер болады. Ұлы адамдардың көпшілігінде сондай әйелдер болған. Бастысы өзіңнің сыңарың болатын әйелді табу, соған үйлену. Ол айтқан жерді қазсаң, алтын кен табасың, қазынаға кенелесің: бақытты боласың, бақ-дәулетің тасиды, атақ пен жетістік өзі іздеп табады.

Анна Кирьянова

Аударған Шынар Әбілдә

Күте білу – бақыттың құпиясы
Маймылды қалай аулайтынын білесіздер ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу