Құмырсқаның ниеті

Oinet.kz 07-11-2019 1636

Құмырсқа.jpg

Намұрұт патша әскеріне 6 ай отын жинатып, оны өртеп әбден қыздырып, Ибраhимды ( ғс ) катапультке отырғызып, отқа лақтырады. Сол кезде Жәбірейіл ( ғс ) көмекке жетіп келіп, оттан құтқармақшы болады. Ибраhим ( ғс ): 

- Мені жаратқан Құдай, Намұрұтты жаратқан Құдай, сені де жаратқан Құдай. Намұрұттың көңіліне салып, отқа лақтыр деп тұрғанда Құдай. Алланың қалауы солай болса, неге мен сенен жәрдем сұрауым керек. АЛЛА үшін мың жаным құрбан, - деді. 

Сонда Алла періштелерге: 

- Көрдіңдер ме менің құлымды. Мен үшін өзін құрбан қылып жатыр. Ал сендер айтқан едіңдер, бір-бірін қыратын, Саған құлшылық қылмайтын адамды не кыласың жаратып деп. Мына көргендерің адамдарды жаратуымның дәлелі, - деді. 

Ибраhим( ғс ) оттың ортасына түскенде, ортасы гүлге айналды. Сол кезде бір құмырсқа, аузын суға толтырып отқа қарай бара жатты. Соны көрген қарға, қарқылдап құмырсқаға күледі. Аузыңдағы сумен Намұрыттың алты ай жаққан отын өшірмекшісің бе? деп. Сонда құмырсқа: 

- Жоқ мен кімді қолдайтынымды, ниетімнің қай жағында екендігін білдіруге бара жатырмын, - деді.

Көргенді ананың баласына айтқан ақылы
Шың басында шырылдаған сәби (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу