Бес кісіге көңілінде жүрген сырды айтпа
Біріншісі – ақыл тоқтатпаған кішкене балаға;
Екіншісі – дұшпаныңа;
Үшіншісі – қатыныңа;
Төртіншісі – құлға;
Бесінші – наданға;
«Сыр айтса не болады? » десең:
Балаға сырды айту – киімді суға салып, су болмасын дегенмен тең;
Дұшпанға сырды айту – өзін өзі дарияға тастап, суға кетпеймін дегенмен бірдей;
Қатынға сырды айту – ағашқа от қойып, жанбайды дегендей;
Құлға сырды айту – таза етті итке тастап, ол жемесін дегендей;
Наданға сыр айту – үйге от жағып, ыс болмасын деп ойлаумен тең;
Сырды ата-анаға, ұстазға айтқан дұрыс.