«Мұндай үкімге келіспеймін»: Жанболат Мамай
03-03-2023
Мәшһүр Жүсіптің туғанда азан шақырып қойған есімі Адамжүсіп болған. Әкесі баласын оқысын, қараңғы болып қалмасын, көзін ашсын деп бес жасында медресеге әкеліп тапсырады. Сол жерде оқу- жазуды меңгереді. Ол дін білімін ғана емес, қазақтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, тарихын, батырлар жырын, дастан-хиссаларын жатқа білген. Бала кезінен "Ағып тұрған бұлақ, жанып тұрған шырақ" атанады. 8 жастағы Мәшһүр Жүсіптің зеректігіне, терең біліміне таң қалған Мұса Шорманұлы Мәшһүрдің әкесіне "мына балаңа үкі тағып қой, тіл-көзден сақтайды, өз заманында бүкіл халыққа аты мәшһүр бала болады екен" деп айтқан соң тағылған үкі ғой. Кейін үлкен азамат болғанда да үкісін тастамайтын Мәшһүрге "үкіні неге тағасың" деушілер көп болған. Сонда ол "үкіні неге тағады білесің бе! Жүйрік атқа тағады, қыран құсқа тағады, сұлу қызға тағады, мені осылардан кем көресің бе" дейтін көрінеді.Үкі таққанның сыры көз тиюден сақтану. Ол бес жасынан бастап білім жолына түскен адам болған...
Зәуре Дәулетованың әлеуметтік желідегі парақшасынан