Тәкаппар байды орнына қойған Қожанасыр
Бір тәкаппар адам көпшіліктің арасында аяғын созып отыр екен. Қожанасыр да оған қарсы аяғын созып отырады. Әлгі адам Қожанасырға жекіп: «Әй, сенің маған қарсы аяқ созатындай есектен қандай айырмашылығың бар?» дегенде, Қожанасыр екеуінің арасын өлшеп жіберіп «Менің есекпен арамдағы айырмашылық үш метр» деген екен.
Сондай-ақ бір ғұлама тар көшеде бір тәкаппар байға жолығып қалады. Бай «Мен ақымақ, надандарға жол бермеймін» дейді. Ал ғұлама болса: «Мен беремін» деп жолдың шетіне ығысады.