Сенім
Мына нәрсені жадыңа тұт! Сен еркектен ақылды емессің! Еркектен күшті емессің, одан артық емессің! Сен басқасың! Сен әйелсің, сен ешқашан еркек бола алмайсың! Егер тұрмыста болсаң – күйеуіңнің әр қадамын аңдығанды доғар! Күйеуге шықпасаң - жігіт аңдығанды қой! Есіңде болсын - еркектің территориясына қадам басқан екенсің, ендеше оған бағынуың керек. Би билеген жұпта ешқашан әйел бірінші болып, еркекті ертіп жүрмейді. Егер солай болса, бидің сәні кетеді, бұл бір сұмдық көрініс болар еді. Тангоның сиқы кетер еді. Елестетіп көрдің бе? Сенің өмірің де сондай сұмдық көрініс боп тұрғанын шамала. Бұл сенің дұрыс рөл таңдамағаныңды білдіреді. Бұл рөлде сен еркектен басым түскенсің. Оны аяғаннан, не мүсіркегеннен, әжуалағаннан, тәкәппарлықтан одан артық болуға барыңды салдың. Сен бағынып жүріп бар бақытты табудың орнына еркек атаулыдан өзіңді артық көріп, бағың ашылмады. Еркекке сөзінің өтімді болғаны керек. Оның шешімін мүлтіксіз орындаған маңызды. Пікірі құрметтелгені қажет. Ал сен ше? Қайта-қайта дауласасың. Өзімдікі дұрыс дегеннен аса алмайсың. Келесі жолы оған жүз жауап қайтарғың келген кезде тоқта да, «Сен қалай айтсаң, солай болады» деп қысқа қайтар. Оның көз жанары қалай өзгеретінін сезесің. Сенің бағынғаның – сен үшін басты афродизиак. Бас ию – әйелдің күші. Қадағалап үйреніп қалған адамға сену қандай қиын? Өзіңе әйел болуды қию сондай қиын. Шын мәнінде қандай екеніңді ашып көрсету қиын – тәуелді, қорғансыз болу әйелдің жолы. Әсіресе, өзіңнің отбасыңда биді анаң жүргізгенін көріп өссең – тіптен қиын. Әлде, әкеңді ешқашан көрмесең – ол да қиын. Өзгенің сценариіне бағыну, жол түспеген қасат қармен жүру қиын. Түсінем. Бірақ сен жүріп көр. Қадағалаудан мүлде құтыл. Өзіңді өсіресің. Меніңді өсіресің. Еңсеңді басып-жаншитын қорқынышыңды басасың. Белгісіздік алдындағы үрейіңді жеңесің. Оған сен. Еріңнің артына тұр. Ізін бас. Ештеңеге қарамастан оған сеніп үйрен.
Ляля Прах, «Мужчины созданы, чтобы их...»
Аударған Шынар Әбілдә