Сүйіктіңе арналған дұға

Oinet.kz 07-11-2019 2469

сүйіктіңе арналған дұға.jpg

Мені бақыт пен қуаныш үшін жаратқан Тәңіріме дұға етемін! Мен үшін ең қадірлі болар адамды өміріме келтіре гөр! Маған ақ батаңды бере гөр! Біздің махаббатымызды киелі ете гөр! Бұл махаббат сенім мен сезімталдықтан тұрсын! Менің жүрегімді ол үшін, оның жүрегін мен үшін еш кедергісіз аша гөр! Сүйген адамыма тек жақсы мінезімді көрсетуді жаз! Ол да мені кездестіргенде тек ізгілікті сезініп, көрсетсе екен! Менің жүрегім көркем гүлге айналсын! Мені сүйген жар жүрегімнің зәмзәм суына қанып ішсін! Оны әрдайым менің жүрегімнен шығатын көркем гүлдің жұпары, махаббаттың аңқымасы баурап жүрсін! Осы сезім бізді әрқашан шабыттандырып, қуантып, шаттандыра берсін! Сезіммен бірге биіктете гөр! Өн бойымыздан өтетін Жаратқанның нұрының арқасында әр пенде махаббаттың жаршысы болғандай-ақ, әрбіріміз бұл фәниді де, адам баласын да махаббат үшін қастерлейміз. Біз адамзат махаббатын бұрын-соңды жетпеген биікке жеткізушіміз! Сезіммен қосылған жандар бір-бірінің жанарынан Жаратқанның махаббатын көреді. Өзін жаратқан ұлы күшті сезінеді. Осы күш әрдайым біздің сезімді сақтап, қорғап жүргей! Солай болғанын қалаймын! Солай болары сөзсіз!

Аударған Шынар Әбілда

Наталья Правдина


Алғашқы қадам
Сәлем салудың нығметі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу