Мұсылман мен шарап (мысал әңгіме)
Бір күні бір мұсылман ішкілікке мұсылмандықта қарсылық жоқ екенін айтады. Ол пайғамбардың жазғандарын тауып алып, ол соның сөздері екендігін айтады. Пайғамбардың жазбасында былай деп жазылыпты:
"Іш, көңіл көтеріп, денеңді рахаттандыр"
Осы қатарды оқып алған әлгі адам жан-жағындағылардың бәріне:
- Көрдіңдер ме, тіпті Қасиетті Құранның өзінде адам қалай өмір сүрсе де өзі білетінін жазған. Біз құрандағы сөздерге қалай қарсы шыға аламыз?, - дейді. Ол өзі өмір сүріп жатқан елдімекенде осы бір қатарды насихаттап, ішкіліктің дұрыстығына адамдарды иландырып жүреді. Сөйткенде оның алдынан бір имам шығады екен. Иман:
- Сен құранды оқыпсың, алайда дегеніңнен кейінгі қатарды оқыдың ба? Толықтай бұл жазба "Іш, көңіл көтеріп, денеңді рахаттандыр, сонда сен өзіңді құрдымға әкетесің" делінген, - дейді.
Сонда әлгі адам дана имамға былай деп жауап береді:
- Сен данасың, ал мен қарапайым адам. Мен де осы жолға түстім. Мен құрандағы жазбаларды біртіндеп оқимын деп шештім, бүгін осыны орындасам, біраз уақыттан соң келесі жазбасын оқимын. мен Құдайдың дегенімен жүріп келемін, демек мен ендігі кие адаммын, - депті.