Анам сенбейді
Сұлтан Махмуд уәзірлерімен көшеде келе жатып, жолда кезіккен балаға бір алтын ұсынады. Бірақ, бала падишахтың ұсынып тұрған алтынын алмайды. Сұлтан Махмуд баладан алтынды не үшін алмағанын сұрайды, әлгі бала:
– Бұл алтынды үйге апаратын болсам, шешем «қайдан ұрладың?» деп таяқтың астына алады, – деп жауап береді. Сұлтан Махмуд та:
– Падишах берді деп айтасың, – дейді.
– Онда тіпті сенбейді, – дейді бала.
– Неге сенбейді, – деп сұрайды Сұлтан Махмуд.
– Себебі, «падишах берсе, мұнша аз бермес еді» дейтін болады, – деп жауап береді.
Баланың жауабына тәнті болған падишах әлгі балаға бір кесе алтын береді.
Бұны ненің жемісі деуге болады? Тапқырлықтың ба, жоқ әлде пысықтықтың ба?