Қызғаныш пен ашу туралы мысал әңгіме
Ескіде жасы келген дана самурай өмір сүріпті. Оның өзінің үйірмесі болады екен. Онда самурай оқушыларын жауынгерлік пен даналыққа үйретеді екен. Алайда ақсақалдың жауынгерлік сабақтарына бір зұлым оқушы да білім алады екен.
Оның зұлымдығы сонда, ол өзі күресетін адамдарды үнемі келемеждеп, ашуына тиетін не түрлі езбе сөздерді айтады екен. Ондағы жауынгердің қулығы ол қарсыласын төменджететін ашу-ызасын келтіретін балағаттарды айта отыры, оларды әлсіретеді екен. Қарсыластары да тиісінше ашуланғаннан қателіктер жіберіп әлгі оқушыдан жеңіліп қалады екен.
Бұл жолы да солай болды. Ол өзінің ұстазы самураймен күрескелі жатып, ол жайлы аузына келгенін айта бастайды. Ал самурай үндемей тыңдап тұра береді. Әлгі оқушы ашуланып күреспей, кері бұрылып кетіп қалады. Сонда оқушылары ұстаздарынан неге оның сонша балағат сөзге шыдап тұра бергенін, жауап қайтармағанын сұрайды.
Самурай оқушыларына былай деп жауап қатады:
- Сіздерге бірі сыйлық сыйлағанда, сіз оны қабыл алмасаңыз, ол кімдікі болады, - дейді.
Оқушылар шуласып өзінің ескі иесіне тиісті екендігін айтады.
Ұстаз қызғаныш, балағат пен жеккөрініш сезімдері де оны сіз қабылдамай тұрып, ол өзінің бұрынғы егесіне тиісті екенін айтады.