«Сен мұсылмансың ғой, кешіруің керек»: Оранған қызды зорламақ болған ер адамға сот үкімі шықты

Oinet.kz 22-05-2023 3180

Осыдан 2 жыл бұрын Алматы облысында бойжеткенді зорламақ болған Ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты. Сот қызметкерді 9 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу барысында қызға және оның туыстарына біраз қысым көрсетілгені анықталды. Бұл туралы жаппа шеккен қыздың адвокаты Жанна Оразбахова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.KZ порталына сілтеме жасап.

Screenshot_16.jpg

«Ол таксист емес, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сол кездегі қызметкері болып шықты. Қыз аялдамада тұрған кезде, ол жеткізіп салуды ұсынған. Ер азамат қыз баланың хиджапта екенін пайдаланып, оның сеніміне кіріп «мен орамалдағы қызды ешқашан ренжітпеймін», деп сеніміне кірген.  Нәтижесінде, ол оны өз көлігіне отырғызған. Қыздың жасы ол уақытта шамамен 22-23 жаста болған, бірақ өзі өте нәзік», дейді адвокат Жанна Оразбахова.

Ер адам қыз баланы көлікке отырғызғаннан кейін есіктерін құлттап,  трассадан ауыл жолына бет алған. Қыз жағдайдың қауіпті екенін бірден түсініп, анасына телефон шала бастаған. Бірақ ер азамат оның телефонын жұлып алған.

«Осыдан кейін  ол далалы жерге тоқтап. Көліктің артқы жағына қыздың жанына отырып, оны зорламақ болған. Қыз бірден хиджаптағы инелерін алып,  жігіттің қолына тыға бастаған. Содан кейін ер адам «Мен сені қазір зорлап, өлтіріп, осы жерге көміп кетемін. Сені ешкім таба алмайды немесе қарсылық танытпа» деген. Содан сон жігіт  сыртқа шығып, көліктің артқы багажнигін ашқан. Сол сәтте қыз жартылай жалаңаш күйде көліктен шығып, қаша жөнелген. Ер адам оны қуып жетіп, шашынан жұлып, кері көлікке қарай сүйреген. Қыз жерден топырақ алып, оның көзіне шашып жіберген. Дәл сол сәтте өзге бір көліктің жарығы түседі. Басқа көліктің көлеңкесін көрген еркек оқиға орнынан тайып тұрады. Содан өзге көліктегілер қызды жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жеткізген», дейді адвокат.

Бұл оқиғадан кейін сот үкімі шығып, күдіктіге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейін белгілі болғандай тергеу барысында қызға және оның туыстарына қысым жасалғаны көрсетілгені анықталды.

Қызға тіпті мұсылмандар қауымдастығынан келіп, «кешірімді болайық, ана өмірде жауап береді, оның балалары бар, сен мұсылмансың ғой, оны кешіруің керек, ол сені өлтірген жоқ қой», деп көндірмек болған екен.

Эволюция снаряжения для альпинизма
Баян Алагөзованың қайнысы қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу