Қазақ тоқалдан бас тартып неден ұтылды?

Oinet.kz 22-10-2019 4471

Screenshot_1.jpg

Қазақта: «Екі сиыр – айран, екі қатын – ойран» деген мақал бар. Дәл осы мақалды бұрынғы қазақ айтты деп ойлайсыз ба? Жоқ! Жаратқан иеміз адамзатқа төрт әйел алуға ұлықсат еткен. Бұрынғы қазақ бабаларымыз құдайдың пендесіне қастық ойламайтынын бізден жақсы білген. «Екі қатын ойран» деген тіркес Кеңес үкіметі, атейзм кезіндегі шолақ белсенділер ойлап тапқан дүние.

Қазақ жауынгер халық болған, қазақ көшпенді ел болған. Жаугершілік заманда соғыстан көптеген адам опат болып отырған. Мерт болғандардың жанұясы мен бала-шағасының өмірде жалғасын тауып, өсіп-өнуін қазақ ойламады дейсіңдер ме? Қазақта: «Балалы үй – базар» деген ұстаным болған. Әр қазақтың шаңырақтарында 5-15 бала болған. Ауыл ақсақалдары шариғат бойынша үкім шығарып опат болған шаһиттердің әйелдерін, яғни, жесірлерді «тең-теңімен, тезек қабымен» дегендей үйлесімді етіп, бір-біріне некелеп берген. Осындай жаугершілік жағдайдан кейін әр қазақ жігітті 2-3 әйел алуға мәжбүр.

Сөйтіп қазақ аталарымыз не ұтты:

Құдай қағидасын орындап, жесір алып жетімін бағып сауапқа батты,

Ел ішінде қорғансыз жесір мен жетімнің болмауына үлес қосты.

Ұрпақ өсіру арқылы қазақ өз қатарын сарбазбен толықтырды.

Жесір болмағандықтан жезөкше болмаған.

Жезөкше болмағандықтан зина болмаған.

Зина болмағандықтан шата ұрпақ туылмаған.

Шата болмағандықтан қызтеке-еркекшора болмаған,

Қысқасы қазақ жазирасында жетімдер үйі мен қарттар үйі болмаған.

Алла үкімі орындалғандықтан қазақ халқына Ол ашуланып қаһарын тікпеген.

Сол себепті елде торнада, тайфун, цунами, булкан, жер сілкіну т.с.с зұлматты апаттар болмаған.

Шариғат бойынша некелеп беріп отырған сол кездегі ақсақалдар жесірлерді күшпен, алдап не зорлап, қысқасы қорқытып некелемеген. «Ағама жеңгем сай» дегендей, психологияларына қарап теңдеген.

Қазір жоғарыдағы атажолы адырам қалды. Қазақтың ішкі бірлігін бұзуды ойлаған дұшпандар іштен іріту жоспарын құрды. Жоспарда: бір-біріне айдап салу, өз күштерін өздеріне сарп ету, қаңқу сөз, өсек жаю арқылы ұлттық танымын өзгертуге күш салды.

Мысалы, «Өзбек байыса там салады, қазақ байыса қатын алады» деп мақал бар. Мақалдағы «қатын алады» деген жерін кекесін, мазақ ретінде, қазақты басы жасамайтын, нәпсі шырмауынан шыға алмайтын, тек қана рахатты меңзейтін ұлт етіп көрсеткен. Ал, өзбекті үлгі қылған.

Сол сияқты, «Ертекке сенгенше, екі босағаңа сен!» мақалды атейзм кезінде «еркекке сенгенше өз босағаңа сен» деп өзгертіп жіберген. Мұндағы мақсаты еркектің рухын аяққа таптау. Кейін расында да еркектердің рухы, жалауы төмен түсті, құрылған торға түсті, ішімдікке салынып у ішті, үй, жанұя бағу есінен шығып кетті, жанұяға қырғидай тиді, тағысын тағы…

Бұл ұлт жауларының жасаған қастандықтарының бүгінгі күнгі жемістері. Ол өтірік, екінші әйелдің атауы – кіші жар! Кіші жардан тәтті бауыр дүниеге келген, онымен қоса «төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал дүниеге келген, мақалдың астарында төрт қатыннан шыққан төрт ұл ауызбірлікте болса сендерді ешкім ала алмайды деген сөз. Төрт аяқты тұлпар ешкімге алдырмайды деп те айтқан. Кезінде бір шаңыраққа ұл келсе, балаға азан шақырып ат қойып, мықты бата берген. Батаның ең мықтысы «сенің балаң емес, елдің баласы болсын» деген. Яғни мұндай бата алған ұрпақ өсе келе ел-халқын ойлап елі үшін күрескен. «Ұлым деген елің болмаса, елім деп еңірейтін ұл қайдан шығады» дегені осы емес пе?

Ал қазір біздің шатасқанымыз сол, дүниеге қыз келсе, елдің қызы болсын дейміз. Бұл деген өте надандық, өте сауатсыздық, өте ұят нәрсе. Қыз деген – гүл! Қыз деген ел үшін дүниеге келмейді, бір ғана еркек үшін ғана дүниеге келеді. Яғни қыз – елдің қолжаулығы емес. Соны есте мығым ұстаған жөн.

Енді қазіргі күнге келейік. Елде жесір көп. Осыларды ретін, жігін тауып реттеп, бір-біріне қосып отыратын ақсақалдар қайда? Қазіргі ақсақалдар қоғам, билік, құзырлы орын, сарапшы, зиялылар емес пе? Бұларға қырық үйден тый деген қыз бен менің балам емес елдің баласы болсын дейтін ұл керек болмай қалды.

Қазаннан қақпақ, иттен ұят кетті. Жоғарыдағылар ұлттың қамы емес ұрпақтың несібесін ұрлаумен шұғылданып кетті. Қазынаны қымқырды, жұғын қалдырмай жымқырды. Шетел асты, өздерінше ешкім көрмейтін жерге қашты. Ақыры не болды, қыз жезөкшеге айналып тәнін сатты, зинадан шата тапты, жаппай өзге ұлтқа (қытай, орыс, американ-ағылшын, т.с.с) байға шықты, ұлттың сапасын, иммунитетін жойды. Елде жетімдер үйі, зинақорлар үйі, қарттар үйі, т.с.с ұят үйлер қаптады. Ұл намыс пен жігерден айырылды, қанаты қайырлып сатқынға айналды. Апиын мен ине, темекі мен ішімдік, өлтіру-тонау, ұрлап-зорлау салтқа айналды.

«Зиялы» деген лауазымдылар алаяқ, парақор, жемқор, сыбайласқа айналды. Елде бітпейтін проблема! Шылқыған байлық үстінде отырған ел дағдарыс пен кризиске ұшырау керек пе? Осы бізді тапа-талтүсте Алла харам еткен несие мен пайызға тығып қойған кім? Қарыздар адам уайымшыл болады. Ал уайым ең бірінші бөтекені бұзады екен. Статистика бойынша елдің 68 пайызы бүйрек ауруына шалдыққан.

Ақмарал Мырзағалиева

Мұсылман мен шарап (мысал әңгіме)
Жақсы ененің 15 әдеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу