Жаңаөзенде дәрігерлер екі емделушінің көзін күйдіріп алды

Oinet.kz 01-10-2019 1361

Похожее изображение

Жаңаөзенде балаларға арналған инфекциялық ауруханада дәрігерлер палатаны дезинфекциялау кезінде кварц шамдарын шамадан тыс қолданып, нәтижесінде төрт жасар бала мен оның әпкесінің көзі күйіп қалды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала анықталмаған вирустық гепатит диагнозымен Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасына түскен. Дәл сол күні медицина қызметкерлері науқастарға ескертпестен, кварцтық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген. Кейін бөлмеде болған бала мен туысы көздерінің аурығанын сезіп, ақ халаттыларға шағымданған. 

image.png

«Қазіргі уақытта зардап шеккен әйел мен бала үйлеріне жіберіліп, оларға қажетті ем көрсетілуде. Ал, немқұрайлылық танытқан ауруханың бөлім меңгерушісіне ескерту жасалды. Тағы екі медбике өз еркімен қызметінен кетті. Аурухана басшылғы жағдайды әрі қарай бақылауда ұстайтын болады», -деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.

image.png

Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады
Мақпал Жүнісова Бақытжан Сағынтаевқа неге өкпелі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу