Ағайын араздығы. Он баласынан көрген ана азабы(видео)
Он баланы дүниеге әкелген ана неліктен балаларынан азап көріп отыр? Ағайындылар бір-бірімен неге араз?Бұл мәселенің мән-жайын «Астарлы ақиқат» бағдарламасы анықтады, деп жазады Oinet.kz порталы.
Ата-анаға қиянат көрсеткен бауырларына қарсы шыққан үлкен әпкесін өлтіреміз, бауыздап тастаймыз деп қорқытқан.
«Бүйтіп отқам ғой тұра алмай қалдым мен диванда. Өй, қойсай, азанда сөйлесеміз, алғаның кеше ғой, қайда кетті, 40-50 мың алғанына екі күн болған жоқ қой.
Жоқ, менің әйелімді қуып жібердіңдер, қазір таң атқанша әйелімді алфп келмесеңдер соям. Е, жатсайш, бір кезде ұрып салды. Тқра алмай қалдым мен диванда. Жатырмын ғой, қалай тұрам. Сонда да, әйтеуір, таң атып жүріп, түрегеліп, қолын қайырып, кемпірді бір ұрды. Кемпірге айттым, бар ана балдарды шақырып кел, мынаны байлап тастайық», - деп айттым дейді әкесі.
Туған сіңлісі тақырға отырғызып, баспана үшін ағайындылықтан бас тартқан, ата-анасына мейірім жоқ бауырларының татуласуын қалап келдім дейді бағдарламаға үш баланың анасы Айтолқын ханым.
Сіңлісі Гаухардың айтуынша, ауылдағы үйді 2006 жылдан бері өздері, адал еңбектерімен көтерген. «Ешкімнің таласы болмасын», - дейді ол.
«Ұлымды Гаухар үйінен қуып жіберіп, балам бейіт басында түнеуге мәжбүр болған. Ұлым сол оқиғадан соң психикалық ауруға ұшырады. Оған кінәлі Гаухар», - дейді Айтолқын.
Орталық мешіт имамы Қасым Әшімов: «Жалпы Арыстан баба кесенесі болсын, бейіт басы болсын, ол қараңғы нәрсе дұрыс емес. Түн жын-шайтанның ойнайтын сәттері.Енді, қабір ол нағыз қорқынышты мекен. Сондықтан ол жерден шошып қалуы мүмкін»,- дейді.