Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Қоғам қайраткері Асылы Осман қазіргі қазақ қоғамында ұлттық рухани құндылықтарды ұрпаққа бере білу туралы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қоғамдық құратын да, оның тірегі де – аналар. Тіл мен діннің егіз екенін ешкім шетке шығара алмайды. Тілің мен дінің де – сіздің жан дүниеңіздегі рухани дүниеңіз. Рухани дүниені ұлттың жанына ұялата алатын – ана. Ал менің қазағымның бұрынғы аналары мен қазіргі аналарды салыстыруға бола ма? Ешкімді жатсынбайтын қазағым адами асыл қасиетін бойында сақтаса деймін. Қазақ өзгеге басқаға үлгі болса екен деген бар арман-тілегім. Оның барлығы тек тіл арқылы ғана ұрпақтың жанына ұялайтынын еш уақытта ұмытпайық. Бірақ, егер қыздары өзінің ана тілін білмесе – ол ұлтының бойындағы адами асыл қасиетімен, әдетін, ғұрпын, салтын қалай сезеді. Тарихты, мәдениетті, әдебиетті жеткізетін көмейдегі сөз бенен таңдайдағы тіл ғана», - деді Асылы Осман елордада әйелдер ұйымдарының рөлі талқыланып жатқан жиында.
Асылы Османов қазіргі таңда отбасы бірлігін сақтап қалу, ұйытқысы болу тікелей аналарға байланысты екенін айтты. Тәрбие тал бесітен келетінін де қосып өтті.
«Әркім өзінің отбасында дінін сақтасын. Сіңлілерім, келіндерім ана тілін білмесе қайтіп өзінің әдетін, ғұрпын, салтын баласының бойына жеткізе алады. Сондықтан, менің айтарым, ең негізгі ұйытқы болатын – тіл мен тәрбие дер едім. Бауырларым тәрбиені қазіргі жағдайда үлкеніміз болсын, кішіміз болсын - тәрбиені бірінші орынға қойып, ұрпақты ата-бабамыздан келе жатқан рухта тәрибелеуіміз керек», - деді Асылы Осман.