Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, басшының орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев және кәсіпкерлер қатысты.
Жиынға қатысушылар еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, жемқорлықтың алдын алудағы ойпікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, шарада бизнестің және инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Protecting Business and Investments» жобасы кеңінен түсіндірілді. Департамент басшылығының айтуынша кәсіпкерді тек кәсіпкерлік қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірде бетпе-бет келетін барлық процестерде сүйемелдеу арқылы мақсатқа қол жеткізу күтілуде.
Сонымен қатар, кездесуде «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 3 млрд. 541 млн. теңгені құрайтын 5 кәсіпорын Департаментпен екі жақты келісімге қол қойды.
Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «B.A.E.R», «Tengri Canvas», «SG Style», «SAGITEX GROUP», «Шымкент-Кашемир» ЖШС инвестициялық жобалары.
Осы орайда, Департамент инвесторлармен 20 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 53 млрд. 096 млн. теңгені құрады.
Кездесу соңында Департамент пен қалалық кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандумның мақсаты - конструктивтілік, ашықтық, бірлескен іс-шаралардың тиімділігі және өзара ақпараттық алмасу қағидаларын сақтай отыра кәсіпкерлік саласының өсуі мен дамуының институционалды негізін қалыптастыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау болып табылады.
Яғни, кәсіпкерлік саласындағы жүйелі мәселелер екіжақты меморандум аясында қаралатын болады.