Жарасқан Әбдіраш. «Қуырмаш»

Oinet.kz 26-09-2018 902

– Бұл жыр Бірден басталмақ?

– Бір дегенің – Басбармақ!

– Екі – Балалы үйрек пе?

– Білем оны.

Үйретпе!

– Ортан қолды Үш дейді!

– Төрт ауызға түспейді?

– Аты жоқ қол, себебі!

– Қойшы, сол да себеп пе ей?!

– Кезек Беске келеді?

– Ол – Кішкене бөбек қой!

– Бесеуі – бір туымдас,

«Қуыр, қуыр, қуырмаш!»

Меморандумға қол қойылды
Жарасқан Әбдіраш. «Күзгі қуаныш»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу