Ғабидолла Әбдірахымов Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Oinet.kz 13-09-2019 1589


190730170039707a3552275i.jpg

Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды primeminister.kz. 

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында туған. 

1996 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару неміс жоғарғы мектебін бітірген. 

Еңбек жолын 1996-1997 жж. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған. 

1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлектетік қызмет істері агенттігінің маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төрағасының орынбасары және төрағасы лауазымына дейін қызметтер атқарған. 

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал, 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

2015-2017 жылдары Шымкент қаласының әкімі болды. 

2017 жылы 31 қазанда "Нұр Отан" партиясының хатшысы болды. 

2018 жылы 20 маусыман 2019 жлдың 30 шілдесіне дейін қайта Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды. 

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Отбасылы. 

Алматыда жеті азамат жарылыс ұйымдастырмақ болған
Қарасу арнасы күл-қоқыстан тазартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу