Алматыда жеті азамат жарылыс ұйымдастырмақ болған

Oinet.kz 13-09-2019 1136

images.jpg

Алматы қаласының Латиф Хамиди көшесінде орналасқан Иверско-Серафимовский монастырінде және Мәншүк Мәметова көшесінде орналасқан «АТФ банкінің» ғимаратында Тәжікстан Республикасының жеті азаматы жарылыс ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеген. Сот мәлімдеуінше, олар Шахамад  атты Ауғанстан тұрғынының жетекшілігімен әрекет еткен. Оның өзі де 2018 жылдың желтоқсан айы мен 2019 жылдың 10 қаңтары аралығында Алматы қаласында террористік әрекеттер жасамақ болған.

Жеті азамат жарылысқа өздерінің жасаған жарылғыш заттарын қолданбақ болған.

Тінту жұмыстары нәтижесінде олардың уақытша тұрақтаған орындарынан Макаров тапаншасы мен оқтары, Ф-1 гранатасы, аңшылыққа арналған шолақ мылтық және қолдан жасалған жарылғыш заттың құрамдас бөліктері табылған. 

Сот шешімі бойынша оларға 12 жылдан 18 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы бекітілген. Барлық сотталушы жазаларын орташа тәртіптегі қылмыстық-атқарушылық жүйелер мекемелерінде өтейтін болады. Жазаларын өтеу мерзімінен кейін олар Қазақстан Республикасынан қуылатын болады және 5 жыл көлемінде Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Алайда үкім әлі күшіне енген жоқ.

Сауд Арабиясы ханшайымы сотталды
Ғабидолла Әбдірахымов Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу