Сауд Арабиясы ханшайымы сотталды

Oinet.kz 13-09-2019 1187

125294.jpg

Сауд Арабиясы ханшайымы Хасса Бинт Салман заң жүзінде жазаланбақ. ВВС басылымының мәлімдеуінше, ол жұмысшыны қорлағаны үшін 10 айға бас бостандығын шектеліп, 10 мың еуро көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Сауд Арабиясының патшасы Салманның қызы Хасса Бинт Салман және мұрагер ханзада Мұхаммед ибн Салман бин Саудтың қарындасы болып келетін ханшайым екеуі күзетшісіне су тартушы маманды ұрғызған.

Оқиға 2016 жылдың қыркүйек айында болған. Париждегі сәулетті ғимараттың 5-қабатында тұратын Хасса бинт Салман пәтеріндегі қолжуғышты жөндету үшін су тартушыны шақырған. Жұмысына қажет болғандықтан су тартушы қол жуғышты бірнеше рет суретке түсіріп алған. Ол суреттерден өз бейнесін көріп қалған ханшайым ашуланып, күзетшіні шақыртып, жұмысшыны ұрып-соққызған. Онымен қоймай, жәбірленушіні аяғын сүюге мәжбүрлеп, бірнеше сағат бойы пәтерден шығармай қойған.

Сотқа жүгінген жәбірленуші ханшайымның сонымен қатар телефонын күштеп тартып алғанын, өзіне жануар секілді қарағанын жазған.

Ханшайым су тасушыны суреттерді сатпақ болды деп топшылаған.

Сауд Арабиясында бөтен адамдарға ханшайымды суретке түсіруге тыйым салатын заң бар.

Сот ханшайымды 10 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, сондай-ақ, 10 мың еуро (4 млн 200 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салды. Ал күзетші Рани Саиди 8 айға шартты түрде сотталып, 5 мың еуро (2 млн 100 мың теңгеден аса) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Кезінде жарнамасы жер жарған Қайрат Нұртастың киім дүкені қазір қайда?
Алматыда жеті азамат жарылыс ұйымдастырмақ болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу