"ҚазМұнайГазда" қызметкерлер саны 10 пайызға қысқарды

Oinet.kz 07-07-2026

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының орталық аппаратында оңтайландыру аясында 47 қызметкер қысқартылды. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді.

Screenshot_1.jpg

Компания басшысының айтуынша, оңтайландыруға орталық аппарат қызметкерлерінің 10 пайызы ілінген.

"10 пайыз, яғни бұл - 47 адам", - деп нақтылады Асхат Хасенов.

Журналистер "қысқартылған қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған ба және өтемақыға қанша қаражат бөлінді"? деп сұрады. "ҚазМұнайГаз" басшысы барлық рәсім қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.

"Барлығы еңбек заңнамасы мен еңбек шарттары аясында жүзеге асырылып жатыр", - деді Асхат Хасенов.

Қазақстаннан жанармайды шетелге заңсыз әкету әрекеттері жиілеген
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу