АШЫҚ ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДАҒЫ ЖИЫНДАР ӨТТІ

Oinet.kz 18-02-2026

Screenshot_5.jpg

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!"Жалпыұлттық коалициясының Түркістан өңіріндегі мүшесі, "AMANAT" партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты ретінде Ленгер қаласындағы №8 колледж ұжымымен кездесуге қатыстым.  Коалиция мүшелері, атап айтқанда "AMANAT"  партиясы Төле би аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров модератор болған жиында  Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Ханай Әшірбеков,  профессор, п.ғ.д. Бекайдар Тойлыбаев Конституция жобасының ерекшеліктерін әңгімеледі. Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары Ділмұрат Омаров және Нұрдәулет Әжібаев қатысты.  

Ашық диалог форматында өткен жиын барысында ел үшін маңызды құжаттың негізгі тұстары жайында ашық пікірлер айтылды. Басты мақсат-міндеттердің қатарында  мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған құқықтық негіз қалыптастыру екені атап өтілді.

Әсіресе білім саласына енгізілетін оңды өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерге көбірек мән берілді. Тұңғыш рет Конституцияның преамбуласында  білім мен ғылымға, инновацияға қатысты норманың енгізілуі көп жайды аңғартып тұр.  Басқосуда сөз сөйлеген спикерлер жаңа Конституцияда білім мен ғылым ел дамуының стратегиялық басым бағыты ретінде қарастырылып, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету — мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқын көрініс тапқанын тілге тиек етті. Бұл — қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Screenshot_6.jpg

Жиын барысында спикерлер Конституция жобасының негізгі бағыттарына тереңірек тоқталып,  қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Осыдан кейін Киелітас ауылдық округінде орналасқан танымал «Fish house»  балық шаруашылығының ұжымымен және киелітастық тұрғындармен  жүздестік. Жаңа Конституцияның мәтінінде экологияны қорғау және «Таза Қазақстан» қағидатын орнықтыруға, өңірлердің теңгерімді дамуына құқықтық негіз қалыптастыруға басымдық берілгені жайлы ұтымды ойлар айтылды. Ашық диалог форматында өткен жиын барысында ел үшін маңызды құжаттың негізгі тұстары жайында ашық пікірлер айтылды. Басты мақсат-міндеттердің қатарында  мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған құқықтық негіз қалыптастыру екені атап өтілді.

Жиын барысында спикерлер Конституция жобасының негізгі бағыттарына тереңірек тоқталып,  қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

 Ел болашағына қатысты бастамаларға қолдау білдіріп, алдағы айда өтетін референдумға белсенді түрде қатысуға шақырдық.  

Ғалымжан Елшібай,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫС, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЙМАУ СЫРЫ НЕДЕ?
АДАМИ КАПИТАЛ МЕН ИННОВАЦИЯ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу