Жаңа туған сәбиге ота жасады

Oinet.kz 31-03-2026

№1 Түркістан облыстық перинаталдық орталында өмірге келген нәресте сол күні-ақ облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылды. Мультидисциплинарлық консилиум жасалып, шақалаққа жедел түрде кіші инвазивті торакоскопиялық операция жасалынды. 12 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты сәби жан сақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды. 

Screenshot_25.jpg

Диафрагмалық жарық балалар хирургиясындағы ең маңызды және күрделі жағдайлардың бірі болып табылады. Диафрагманың бұзылуымен сипатталады, нәтижесінде іш қуысы мүшелерінің кеудеге ығысуы пайда болады. Бұл жағдай туа біткен немесе жүре пайда болуы мүмкін және ықтимал асқынулардың алдын алу және баланың қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін жедел диагностика мен емдеуді қажет етеді. Акушерлік және неонаталды хирургиясындағы заманауи жетістіктерге қарамастан, туа біткен диафрагмалық жарығы бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 50 пайыздан аспайды. Балалар хирургиясында диафрагмалық жарықты емдеу – әрбір балаға жеке тәсілді қажет ететін күрделі және өте маңызды процесс. Операцияның мақсаты – мүшелердің қалыпты анатомиялық орнын қалпына келтіру және диафрагмалық ақауды жабу. Жарықтың мөлшері мен орналасуына байланысты хирургиялық араласуды ашық тәсілмен немесе торакоскопиялық минималды инвазивті әдістерді қолдану арқылы жасауға болады. Қазіргі уақытта хирургиялық емдеу торакоскопиялық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс аз жарақаттайды, операциядан кейінгі тезірек қалпына келуге ықпал етеді және жақсы косметикалық нәтижелер береді.

Президент Іс басқармасының дәрігерлері Шымкентке келді
«Әдебиет әлемді біріктіреді» халықаралық поэзия және проза оқу байқауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу