«Өз-өзіне қол жұмсаған»: Ақмола облысындағы кеніште жұмысшының денесі табылды
Ақмола облысындағы Ақсу кенішінің бір учаскесінде қаза болған жұмысшының мәйіті табылды. Аталған жағдай жазатайым оқиға ретінде тіркелген, деп хабарлайды Oinet.kz.

Ақмола облыстық еңбек инспекциясы департаментінің дерегіне сәйкес, 2026 жылдың 24 наурызында «АК Алтыналмас» АҚ-ның заңгері кеніш аумағында болған оқиға туралы хабар берген.
«Осы дерекке байланысты Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті арнайы тексеру жұмыстарын бастады», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары бұл оқиғаға байланысты өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


