О.Бектенов: Тоқаев жалаң ұран мен популизмге жол берген жоқ

Oinet.kz 06-03-2026

Премьер-министр Олжас Бектенов  «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында жаңа Ата заңның мәніне тоқталды. Ол сонымен бірге осы жеті жыл ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбектеріне де тоқталған.    

Screenshot_4.jpg

– Күрмеуі қиын, қордаланған түйткілдерге қарамастан, Президентіміз тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстан серпінді даму жолына түсті. Көптеген сын-қатерге жауап ретінде бірінші кезекте мемлекетіміздің ұзақ мерзімді орнықтылығын нығайтуды мақсат еткен ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Президент Тоқаев жалаң ұран мен популизмге жол берген жоқ, уақытша нәтижелерге де ешқашан иек артқан емес. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған елдіктің мызғымас берік тұғырын қалыптастыру жолында еңбек етіп келеді. World Competіtіveness Rankіng рейтингінің мәліметі бойынша мемлекетіміз жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 34-орынға ие болды. Бұл еліміздің инвестициялық және іскерлік тартымдылығының нығая түскенін айғақтайды. Экономика «бір салаға байланып қалған» бағытынан арылды деуге болады, қазіргі таңда кен өндіру секторындағы уақытша тербелістер макроэкономикалық ахуалдың тұрақтылығына пәлендей әсер етіп жатқан жоқ. Бұл дамудың анағұрлым қалыптасқан әрі теңгерімді үлгісіне бет бұрғанымызды көрсетсе керек, –деген мақалада Үкімет жетекшісі.  

Бұдан кейін ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық саясаты экономиканы жаңғыртудың негізгі құралдарының біріне айналғаны атап өткен.  

– Жаңа Ата заңымыздың басты ерекшелігі – оның өршіл рух пен кемел келешекке деген ұмтылысында. Құжат халықтың арман-мұратымен үндесіп жатыр. Онда мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы ұзақмерзімді тұрақты дамуының берік негізін қалап, бірнеше буын ұрпақтың амандығы мен қауіпсіз өмірін қамтамасыз етудегі ерік-жігері айқын көрініс тапқан. Мен еліміздің азаматтары дұрыс таңдау жасап, Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, Қуатты, Әділетті, Өркендеген Қазақстанды құруға өз үлесін қосатынына сенімдімін,– дейді О.Бектенов. 

Отбасы мен қызметке қатар үлгеріп жүрсіз бе?
Ұлжан МҰСТАФАЕВА: Ең алдымен идеологияны күшейту қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу