Ақтөбеде көлік жүргізушілерінің жол үстінде төбелескен видеосы тарады
Ақтөбе қаласында жол үстінде көлік жүргізушілері арасында келіспеушілік туындаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Аталған жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
- Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушілер арасындағы жол үстіндегі жанжал түсірілген бейнежазба анықталды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың жеке тұлғалары анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.


