Өгей әкесі 15 жасар қызын қырыққа таяған досына күштеп күйеуге берген

Oinet.kz 16-03-2025 93

Қарағанды облысына қарасты Абай ауылында өгей әкесі 15 жасар қызын 38-дегі досына күштеп күйеуге берген. Бұл жөнінде "Не молчи" қоры жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Өгей әкесі қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған. Қордан көмек сұрап, қыздың ағасы жүгінген. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін әкесіне қашып келгенін айтты.

Арыз жазылған, бірақ қордың мәліметінше, полиция оны бірден қабылдамаған және уақыт созып жүріп алған.

Әзірге құқық қорғау органдары ресми ақпарат берген жоқ. 

Белгілі асханадағы сорпаға 2 жасөспірім зәр сындырып кеткен
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу