Теміртауда жасөспірімдер қарияның үйіне басып кіріп, соққыға жыққан
Теміртауда жасөспірімдер қарияны пәтерінде ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Теміртауда түсірілген видеода 16-18 жас шамасындағы жігіттердің төсектен тұра алмай жатқан қарияны ұрып, бетінен теуіп жатқанын көруге болады. Сондай-қ қарияға балағат сөздер айтып, бетіне түкірген. Зейнеткер қорғануға тырысқанымен одан сайын соққы алып жатқаны байқалады.
Жасөспірімдер пәтерге өздерін электрик ретінде таныстырып кірген.
Полиция қарияға зорлық көрсеткендерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмағандардың барлығы анықталып, Теміртау қалалық полиция басқармасының Шығыс бөліміне жеткізілді. Қазір қажет тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.