Тағы да жер сілкінісі: Бүгін Алматы қаласынан 178 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 31 наурызда Астана уақытымен 12 сағат 25 минутта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісі болған жердің координаттары: 42.416 солтүстік ендік, 75.016 шығыс бойлық.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-батысынан 178 шақырым қашықтықта орналасқан.
Магнитудасы — 4.1, ал энергетикалық класы — 9.2 шамасында болған.
Есептік қарқындылығы (балл): сезілмеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу қаласында — 2.0 балл шамасында болған.
Бұған дейін хабарланғандай, сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб 24/7 тәртібінде жұмыс істеп жатыр.