Халықтың 5 жыл төленбеген кредиттері кешіріліп жатқаны рас па?

Oinet.kz 27-02-2024 651

Әлеуметтік желіде әйел кредиттер кешіріліп жатқанын айтатын видео тарады. Massaget.kz тілшісі бұл ақпарат қаншалық шын екенін анықтау мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Желідегі видео "Кәсіп қолдау" атты парақшаның атынан жарияланып жатыр.

"2019-2022 жылғы кредиттер кешіріледі. Микро қаржы ұйымдары осы үш жыл аралықта алынған кредиттерді кешіріп беріп жатыр. Микро қаржы ұйымдарына KMF, Freedom, Сәлем банктері кіреді. "Олар не себепті кешіріп жатыр?" деген сұрақ туындайтын болса, оларды салықтан үш жылға босатқан. Сол себепті кешірім беріп жатыр. Егер білікті маманнан, заңгерден кеңес алғыларыңыз келсе, консультация алып, осы банктердегі проблемаларыңыз шешсеңіздер болады", - дейді видеода әйел.

Сонымен қатар, тағы бір видеода 5 жыл төленбеген кредиттер де кешірілетінін айтады.

Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері бұл ақпарат өтірік екенін мәлімдеді.

"Бұл видеолардағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Заңнамаларда микро қаржы ұйымдары арқылы алынған кредиттер кешірілетіні туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған ведомствоның Massaget.kz-ке жауабында.

Шешенстанда Құранды өртеп, Рамзан Қадыровтың ұлының соққысына қалған студент сотталды
Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болғаны рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу