Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болғаны рас па?

Oinet.kz 28-02-2024 636

Желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді кішкентай қызды зорламақ болды деген ақпарат тарады. Бұған адвокат Жанна Мұхамади пікір білдіріп, ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Елена Семенова есімді Facebook қолданушысы Айтбек Амангелді айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болғанын айтып, президентке мәселені назарға алуын сұрады. Айтуынша, Айтбек түн ортасында шабуылдаған, Бишімбаевтың ұлы қорыққанынан шкафқа тығылған. Сөзінше, әкім болған ағасының арқасында іс тыныш жабылып, тергеу жүргізілмеген.

Салтанат Нүкенованың адвокаты жағдайға бірден жауап беріп, бұл пост үшін ақша төленген болуы мүмкін екенін және ақпарат мүлдем шындыққа жанастпайтынын айтты. 

“Мына нәрсе мүлдем қисынға келмейді. Расымен осындай болса, баланың анасы мен әкесі, атасы мен әжесі үнсіз отырар ма еді? Бишімбаевтың бұрынғы әйелі (баланың анасы) мұны жазасыз қалдырар ма еді? Бұрын жұбайының мүддесі үшін жолбарыстай күрескен сауатты, білімді әйел, қызын зорламақ болған кезде үндемей қалады деп ойлайсыз ба??? Онда неліктен мұндай жағдайда оларды ата-ана құқығынан айырмайды?”, – деді құқық қорғаушы. 

Адвокат Салтанаттың ағасы мен Бишімбаев арасында жанжал болғанын, сол кезде балалар қорқып қалғанын жасырмады. Айтуынша, осы кезде Айтбек өзі полиция шақырған. 

Қуандық Бишімбаевтың экс-зайыбы Назым Қаһарман да зорлау фактісін жоққа шығарды.

“Жала жаппауыңызды сұраймын. Мен – сол қыздың анасымын. Онда осы құжаттарды көрсетсеңіз, өзіме де қызық болып кетті. Рас болса, менің зорлау фактісі бойынша жазған арызымды да көрсетіңіз. Балалар шынында қорқып қалған еді, себебі әкелері оларды түн ортасында қауіпті жағдайда жалғыз тастап кетті. Артынша істі өзі жауып, арызданбауымды өтінді”, – деді айыпталушының бұрынғы әйелі.

Халықтың 5 жыл төленбеген кредиттері кешіріліп жатқаны рас па?
Қазақстандық әйел күйеуімен бірге Англияда 6 айдың ішінде қалай 8 миллион теңге тапқанын айтып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу