Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мәжіліс алаңында Тұрлыханов журналистердің сауалынан қашты. Оған жігіттердің қызды ұрып-соғуына ата-анасының мінез-құлқы себеп бола ма деген сұрақ қойылды.
"Сіздерге не керек? Не естігіңіз келіп тұр? Қандай пікірде деп ойлайсыздар? Сіздер бұған қалай қарайсыздар? Маған енді мұндай сұрақтармен қайта келмеңіздер. Бұл – ойға сыймайтын сұрақ. Осындай сұрақтарды балаларға қойыңыздар", – деді Дәулет Тұрлыханов.
Ол депутаттар бұл мәселені талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салғанын айтты.
Еске сала кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың кіші ұлы Нұрасыл Болат көшеде төбелесіп, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан еді. Осы әрекеті үшін жазаға тартылып, 1,7 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Тұрлыхановтың ортаншы ұлы көшеде қызды ұрды деп айыпталды.