«Мәйітті сыртқа шығарып жейді»: Шымкентте қаңғыбас иттер 40-тан аса мүрдені қазып тастаған

Oinet.kz 26-09-2023 985

Шымкентте тұрғындар жаңа жерленген мүрделерді күзетуге мәжбүр. Себебі қаңғыбас иттер қабірлерді қаза бастаған. Тіпті аш иттер көшедегі адамдарға да шабуылдайды екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Жыл басынан бері қалада ит қауып, ауруханаға түскендер саны 1,5 мың адамнан асып кеткен. Иттер таңғы және кешкі уақытта балаларға шабады екен. Оның үстіне зираттарды жайлап, қорымдарды қаза бастаған. Тіпті сүйектерді сүйреп әкеп, көр ішінде күшіктейді екен. Мазарлардың іші иттің саңғытына толып, қабірлердің беті бүлініп жатыр. Шырақшы Шухрат Исраиловтың сөзінше, биылдың өзінде ол иттер қазған 40-тан аса бейітті қайта көміп шығыпты.

“Ит ататындарға арыз бердік. Келеді, ата алмайды оны. Ұйықтатуға арналған оғы үш-төрт метрге жетеді. Қазып, мәйітті сыртқа шығарып жейді ме, білмейміз, не істейтінін. Осында үнемі артынан көміп жүрміз, күнде осы жердеміз”, – деді Шухрат Исраилов. 

Қалада ит қапқан адамдардың көпшілігі кәмелетке толмағандар. Ал тұрғындар төбеттің көшеде күрт көбейгенін айтады.

“Оқушыларды қауып жатыр. Жақында Құртаев көшесінде бір баланы ит талап тастады. Әсіресе, кешке, таңертең балаларға қиындау болып тұр”, – деді тұрғын Рысбай Асанұлы. 

Шымкентте ит аулаумен айналысатын 6 бригада бар екен. Олар былтыр 40 мың қаңғыбас ит-мысық ауласа, биыл бар болғаны 16,8 мың бұралқы итті ұстаған. Жабайы жануарларды аулап, кастрация жасап, жою үшін бюджеттен 264 миллион теңге бөлінген. Жауапты басшылардың айтуынша, ит-мысықты жаппай жоюға заң мүмкіндік бермейді.

“16 мың 800 ит ауланып келген болса, ит‑мысықтар оның 13 мың 500-не жуығы жансыздандырылды. Олар жансыздандырылып, эвтаназия жасап, арнайы биотермиялық шұңқырлар бар, соларға тасталады”, – деді Шымкент ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ерлан Әбденов. 

«30 келіге жуық ет бұзылып кеткен»: Оралда мемлекеттік балабақшада балаларға бұзылған ет берілген
«Көздің артына сүйек тұрып қалған»: Астанадағы баспалдақтан құлаған баланың әкесі әділдік іздейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу