«Түк көрінбейтін көк түтін»: Абай облысындағы алапат өрттің қорқынышты кадрлары елді шошытты (видео)
Абай облысы Бородулиха ауданындағы алапат өрт осымен бірнеше күн бойы елді әуре-сарсаңға салды. Өкініштісі, тілсіз жаудан орман шаруашылығының 14 бірдей қызметкері көз жұмды. Осыған орай, бүгін Қазақстанда аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.
Маусымның 8-і күнінен басталған өрт бүгінде 60 мың гектардан астам жерді жалмап үлгерген. Ал кеше жергілікті тұрғындар өрттің ауыл маңына жақындап қалған сәтін видеоға түсірген. Онда қара түнек түтіннен көкжиек көрінбейтінін анық көруге болады.
Жергілікті халық өрттен қорқып, өрт ошағына жақын орналасқан жерлерден эвакуацияланған. Ал бүгін аудан орталығында тасаттық беріледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Семей резерватындағы» алапат өрт соңғы жылдардағы еліміз бойынша орын алған ең ірі өрт болып отыр. Қазіргі таңда мамандар өртті ауыздықтауға қатысты тиісті іс-шараларды қабылдап жатыр.