Иранда Әзірбайжан елшігіне шабуыл жасалды: Қаза тапқандар бар

Oinet.kz 27-01-2023 726

Тегеранда Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_30.jpg

Шабуыл Баку уақыты бойынша сағат 8:30 шамасында болған.

Калашников автоматымен қаруланған шабуылдаушы күзет бекетіне кіріп, күзет қызметінің бастығын өлтірді. Елшілік күзетінің екі қызметкері де жарақат алды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта бұл шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Шабуылшы ұсталды деп хабарланды. Иран тарапы да тергеуді бастады.

Ұсталған адамның жасы 50-де. Сол кезде жанында 14 жастағы қызы мен жеті жасар ұлы болды.

"Күдікті елшілікке екі баласымен бірге кірген. Оның бұл әрекетіне жеке және отбасылық мәселелер әсер етті", – деді Тегеран полициясының бастығы Сардар Хоссейн Рахими.

Қазақстанда қорқынышты ойыншықтарды сатуға тыйым салынуы мүмкін
«Дін өкілдерінің мүрдесі араласып жатыр»: Іздеушісі жоқ адамдар қайтыс болғанда жерлейтін зират
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу