Ордабасыда жаңа мектептер өз оқушыларын қабылдайтын мерекелі күн алыс емес

Oinet.kz 13-09-2022 672

Бірлік пен татулық мекені Ордабасы ауданында облыстық бюджеттің есебінен алты мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуін жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарлануда. 

Screenshot_1.jpg

(Суретте: 2023 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілетін мектептің құрылыс алаңы)

Атап айтар болсақ, Төрткөл елді мекенінде салынып жатқан 300 орындық білім ошағының құрылысы 2020 жылы басталған. Онда 40-қа жуық адам еңбек етіп жатыр. Дені жергілікті тұрғындар.

Сонымен қатар, Бадам ауылдық округіне қарасты Дербес ауылындағы С. Мұқанов атындағы 300 орындық мектептің де құрылысы жыл соңында бітеді. Сондай-ақ, құрылысы 2021 жылдың шілдесінде басталған Қараспан елді мекеніндегі «Мақташы» атындағы 200 орындық жалпы орта мектептің де құрылысы аяқталуға жақын.

Өткен жылдың тамыз айында Шұбар ауылдық округіндегі Аққойлы ауылында 100 орындық «Ақбастау» мектебінің іргетасы қаланған болатын. Аталған білім ошағын мердігер мекеме қараша айында толық бітіріп, пайдалануға бермек ниетте.

Ал, аудандағы халқы 40 мыңға жуық Шұбар ауылындағы 600 орындық мектеп пен Төрткөл ауылдық округінің Қызылжар елді мекеніндегі «Қызылжар» білім ошағы 2023 жылы, жаңа оқу жылына қарсы пайдалануға берілетін болады.

Мини юбка киген Айгүл Иманбаева елді ашуландырды (фото)
Түркістан облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу