«Діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру»

Oinet.kz 22-09-2022 649

Screenshot_4.jpg

Бүгін, аталған тақырыпта Ордабасы ауданы прокуратуратурасының ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі мектептердегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне семинар өткізілді.

Семинарға теолог маманы, ауданның бас имамы, аудан әкімдігі мен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары қатысты.

Аудан көлемінде мектептердегі аталған пәнді оқытатын  мектептер саны – 53 (негізгі орта – 3, орта – 50), мұғалімдер саны 54, бұл пән 9-сынып оқушыларына өтеді  (оқушылар саны – 3 009). 

Тоқтала кету керек, осы пәнді біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің  мұғалімдері жүргізеді.

Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің мәліметіне сәйкес мұғалімдер мен оқушылар үшін дінтану негіздері пәні бойынша әдебиеттер мен әдістемелік  құралдар жеткіліксіз. Іс-шара барысында аудан имамының және теолог маманының баяндамалары тыңдалды.

Ордабасы ауданының прокуратурасы

Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлері меморандумға қол қойды
Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу