Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлері меморандумға қол қойды

Oinet.kz 22-09-2022 642

Screenshot_2.jpg

Бүгін Түркістан қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің 35-ші мерейтойлық отырысы өтті. Мерейтойлық отырыста Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Өзбекстан денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Екі ел арасында медицина саласындағы қарым-қатынасты тәжірибе алмасып, жаңа деңгейге бірлесіп шығуға мақұлдасты. Алдағы уақытта қос мемлекет арасында ынтымақтастық бұдан әрі тереңдей бермек. 

Еске сала кетейік, бүгін Түркістанда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен «Цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов, ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мүшелері, ТМД электрондық денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін интеграциялау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның өкілетті өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының, Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар дирекциясының өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

ҚР ДСМ-нің басшысы отырыс барысында қазіргі Қазақстан әлемдік үрдістерден тыс қалмайтынын және медицина саласы ауруларды анықтау, алдын алу, ден қою және бақылау саласында жаңа білімді қалыптастыру және практикалық шаралар әзірлеу үшін цифрлық құралдарды белсенді пайдаланатынын атап өтті. 

Түркістан қаласына ҚР ІІМ-нің орынбасары Ержан Саденов қызметтік іссапармен барды
«Діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу